Бірінші сынып оқушылары жаңа мектептің лентасын қиды

1 Қыркүйек 2019, 15:29
3792
Бөлісу:
Бірінші сынып оқушылары жаңа мектептің лентасын қиды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім күніне орай облыс орталығындағы 19-шағын ауданда 1000 орындық  №48 мектеп-қосымша білім беру орталығы ашылды. Оған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қатысты.

0f5b438f-c9fb-4313-87ac-b92a03d7fe8b.jpg

"Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Баршаңызды 1 қыркүйек - Білім күнімен, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын. Сапалы білім қарқынды дамудың, өркениеттің басты шарты. Сол себепті ел Президенті мен Үкіметтің жүктеген міндеттерін жүзеге асырып, облыста білім жүйесі мен сапасына ерекше көңіл бөлінеді. Өскемен қаласындағы білім беретін 50 мектепте 38 мың оқушы жаңа оқу жылын бастап отыр. 4600 бала ең алғаш мектеп табалдырығын аттап 1-сыныпқа келді. Бұл мектеп жаһандану дәуірінде жаңа технологияның дамуына сай, заманауи ерекше білім ордасы болады. Бүгінгі күн – жаңа оқу жылына, жаңа жетістіктер мен табыстарға бастау беретін күн. Мерекелеріңіз құтты болсын", - деді Даниал Ахметов.

b4f63061-0a84-4c44-8202-27b0f73b2c9a.jpg

Өскемендегі бұл білім ордасында оқушылардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына барлық жағдай жасалған. Мұнда жабдықталған жаңа оқу кабинеттері, инженерлік-техникалық бағыттағы түрлі үйірмелер мен секциялар жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ мектепте 100-ден астам  білікті мұғалім сабақ береді. Жаңа білім ордасында 150 оқушы 1-сыныпқа қабылданды.

90f9e1ac-7fb0-409c-9c74-897d5dc46e26.jpg

"Құрметті шәкірттер, сабақтарыңды жақсы оқып, білімдеріңді тереңдетіңдер, ата-аналарыңның мақтанышы болыңдар! Жаңа білім ошағының ұжымына жұмыстарына табыс пен сәттілік тілеймін. Білім беру мен жас ұрпақ тәрбиесіне баса көңіл бөлінетіндіктен, сіздерге жүктелер міндеттің салмағы да басым", - деді Даниал Ахметов.

49b18c28-46f1-4541-84bc-6a452cedb035.jpg

Бұдан соң аймақ басшысы "Нұр  Орда" мектеп-лицейіне барып, мұғалімдер мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап қайтты.

Өзгелердің жаңалығы