Бірінші шілдеге арналған ауа райы болжамы

1 Шілде 2022, 05:04
1533
Бөлісу:
Бірінші шілдеге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер Қазақстанда 1 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды: республикада найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел күшейеді, тұман түседі.

Болжам бойынша, күндіз Алматының солтүстігінде, Жетісу, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.

Абай облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

01 шілдеде Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 01 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

01 шілде күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: күндіз 01 шілде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

01 шілдеде Павлодар облысының солтүстігінде, батысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодар қ: 01 шілдеде өтенше өрт қаупі сақталады.

01 шілдеде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

01-02 шілдеде түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, 01 шілдеде облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с. 02 шілдеде жел күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ: 01 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

01 шілдеде Түркістан облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы