Бірінші басшылар Жолдаудың сапалы орындалуын қамтамасыз етулері қажет

9 Қыркүйек 2020, 09:54
1280
Бөлісу:
Бірінші басшылар Жолдаудың сапалы орындалуын қамтамасыз етулері қажет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бірінші басшылар Жолдаудың сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етулері қажет. Бұл туралы бүгін Үкіметтің онлайн отырысында Премьер-министр Асқар Мамин айтты. 

Үкімет басшысы Президент  өзінің Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік және экономикалық саясаттың жаңа жағдайға сәйкес келетін жаңа бағытын айқындап бергенін атап өтті. 

Жолдаудың міндеттерін сапалы әрі жедел шешу үшін Мемлекет басшысы атап өткен негізгі 11 бағыт бойынша Жалпыұлттық жоспар әзірленді. Үкіметтің басты міндеті - халықтың әл-ауқатын арттыру, экономиканы дамыту және тұрақты жұмыс орындарын құру, - деді Асқар Мамин. 
Сондай-ақ, ол бюджеттік жоспарлаудың жаңа жүйесінде ұлттық басымдықтар қамтамасыз етіліп, бюджеттен тыс қорлардың қаражаты ескерілетінін, «кеңейтілген бюджет» енгізілетінін атап өтті.

Үкімет басшысының айтуынша, азаматтарымыздың әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үйге қолжетімділікті кеңейту, қолайлы отбасы-демографиялық жағдай жасау, экологияны, білім берудің сапасын жақсарту,  сондай-ақ, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар қабылданатын болады.

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі бүгін ұсынылған Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары қойылған міндеттерге сай. Президент жоспарды бекіткен соң, барлық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер бірден оны орындауға кірісуі керек. Бірінші басшылар шаралардың іске асуына жауапкершілікпен қараулары қажет, - деді Мамин.

Өзгелердің жаңалығы