БАӘ елшілігі астаналық 1000 балаға сыйлық таратты

16 Қаңтар 2019, 14:20
3643
Бөлісу:
БАӘ елшілігі астаналық 1000 балаға сыйлық таратты

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Елордалық 1000 бала Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы елшілігінен арнайы сыйлық алды.

«Мейірім шуағы» қайырымдылық акциясының аясында ерекше білімді қажет ететін, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға сыйлық таратылды. Мың балаға сыйлықты БАӘ төтенше және өкілетті елшісі Мұхаммед Ахмат Әл-Жабир тарту етті.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова бұл акция БАӘ елшігінің бірінші шарасы емес екенін атап өтті.

«Қымбатты балалар, бүгін БАӘ елшілігінің қаламыздағы талантты оқушыларға сыйларын тарату үшін жиналдық. Қайырымдылық – адамның ең басты қасиеттерінің бірі. Осындай акцияларды қолдайтын, қамқорлықты қажет ететін адамдарға әрқашан қол созып, көмек көрсететін БАӘ елшілігіне алғысымыз мол. Астана қаласында 2016-2018 жылдары елшілік 2 мектеп салып берді. Міне, жаңа жылда да сіздерге сыйлық таратып жатыр», - деді қала әкімінің орынбасары.

БАӘ елшілігі астаналық 1000 балаға сыйлық таратты

Малика Бектұрова БАӘ-нің төтенше және өкілетті елшісіне және елшілікке Астана қаласы әкімінің атынан алғыс хат тапсырды.

БАӘ елшілігі астаналық 1000 балаға сыйлық таратты

«Ең біріншіден сіздердің жандарыңызда болғаныма қуаныштымын. Екі елді және БАӘ президенті Халифа ибн Зайд Ал Нахайян мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты бауырмалшылдық, өте тығыз достық қарым-қатынас байланыстырады. Менің сіздерге айтатыным, ата-ананың балаларға арнаған көңіл-күйі – ең жақсы сезім. Өйткені білім жолы бірден-бір және ең жақсы жол. Білім – Қазақстанды қандайда бір жетістіктерге апаратын жол. Биыл 2019 жылы БАӘ-де толерант жылы деп аталды. Қазақстанда да бірнеше ұлт өте бейбіт, толерантты өмір сүріп жатыр. Сондықтан елшілік Нұрсұлтан Назарбаевтың толеранттылыққа бағытталған барлық іс-шарасын  қолдайды», - деді БАӘ төтенше және өкілетті елшісі Мұхаммед Ахмат Әл-Жабир

Автор: Рахиля БЕКНАЗАРҚЫЗЫ

 

Өзгелердің жаңалығы