Біреуі көз жұмды, үшеуі емделіп жатыр: ДСМ Қарағандыда жаппай уланған балалар туралы

5 Қазан 2023, 16:25
663
Бөлісу:
Біреуі көз жұмды, үшеуі емделіп жатыр: ДСМ Қарағандыда жаппай уланған балалар туралы
Фото: BAQ.KZ - архив

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қарағандыдағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында жаппай уланған балалардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ведомство басшысы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Айтуынша, балалардың екеуі сауығып, орталыққа оралған.

Медицина қызметкерлері, денсаулық сақтау министрлігі балалардың денсаулық жағдайын бақылап отыр. Улану себебін анықтау бойынша тергеу органдары айналысып жатыр. Менің білуімше, тергеу әлі аяқталған жоқ. Ауруханада жатқан бес баланың екеуі сауығып, әлеуметтік орталыққа оралды. Үшеуі әлі де оңалту көмегін алып жатыр. Олар өз курсын соңына дейін алады және орталыққа қайта жіберіледі, - деп түсіндірді министр.

Еске сала кетейік, тамыз айында Қарағанды облыстық балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін орталықта балалар жаппай уланып, салдарынан бір бала қайтыс болған еді. 12 балаға «түсініксіз генезді улану» диагнозы қойылды. 6 бала жансақтау бөліміне түсті.

Өзгелердің жаңалығы