Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Біреудің үйін көрсеткен": Атаулы әлеуметтік көмекті алаяқтық жолмен алғандар әшкере болды

26 Қыркүйек 2025, 19:44
848
Бөлісу:
 коллаж BAQ.KZ
Фото: коллаж BAQ.KZ

Түркістан облысында прокурорлар атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау барысында заңсыздықтарды анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Жергілікті атқарушы органдардың атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау заңдылығына жүргізілген талдау нәтижесінде азаматтардың атаулы әлеуметтік көмек алу үшін аз қамтамасыз етілген отбасылардың үйлерін көрсеткен фактілері анықталды. 

2022–2023 жж. Жетісай ауданының 17 тұрғыны өздерінің нақты тұрғылықты мекенжайларын жасырып, бір аз қамтылған отбасының үйін көрсеткен. Осыған ұқсас жағдайлар Жетісай (65), Сайрам (3) және Сарыағаш (1) аудандарында да анықталған. Жекелеген азаматтардың құқыққа қайшы заңсыз әрекеттері салдарынан мемлекетке жалпы сомасы 17 млн теңге залал келтірілген, - деп жазылған Түркістан облысы прокуратурасының хабарламасында.

Аталған заңбұзушылықтар бойынша уәкілетті органға прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.

Еске салайық, бұған дейін Түркістанда тұрғындар әлеуметтік көмек алу үшін табысын жасырғанын жазған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы