Алматы, BAQ.KZ. Бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 12:55-те Алматы қаласының ТЖ департаменті хабар тарату жүйесінің техникалық дайындығын тексереді.
Оқу тексеруде электросирендерді қосу арқылы хабар таратудың "Барлықтарыңыздың назарларыңызға" бірыңғай дабылы қағылып, телеарналар мен радио арқылы хабар тарату жүйесінің дайындығын тексеру жөнінде халық бір мезетте хабарланады.Тексерулер ай сайын, алғашқы бейсенбіде, сағат 12:55-те жүргізіледі. Келесі тексеріс мереке күндеріне тура келетін болса, одан кейінгі бейсенбіге ауыстырылады.
Осыған орай, Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтауға шақырады.
Дегенмен, егер төтенше жағдай туа қалса, электросирендерді қосу ережелерін еске саламыз. Егер дабыл үйде болғанда қағылса радионы, радиотрансляцияны және телеарналарды қосу қажет, жедел хабарландыруды тыңдаңыз, берілген хабарламаға сай іс-қимыл жасаңыз, - делінген хабарламада.
Егер дабыл көшеде жүргенде қағылса көшедегі дауыс күшейткіштер және жылжымалы хабар таратқыштар арқылы берілген жедел хабарды тыңдаңыз, берілген хабарламаға сай іс-қимыл жасаңыз.