Тұрғымбаев бір жылда ешқандай қылмыс тіркелмеген ауылға барды

5 Қазан 2020, 21:21
2462
Бөлісу:
Тұрғымбаев бір жылда ешқандай қылмыс тіркелмеген ауылға барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев елордадан 65 шақырым жерде орналасқан «Родина» ауылына барып, учаскелік пунктің жұмысымен танысты. 

Ақмола облысына қарасты бұл ауылға баруым кездейсоқ емес. Себебі, бұл жерде 1 жыл ішінде бір де бір қылмыс тіркелмеген. Учаскелік инспектор 13 жылдан бері табан тайдырмай бір орында жұмыс істеп келеді. Бұл - құптарлық жайт. Мемлекет басшысы айтқандай, учаскелік инспектор тұрғындар арасында танымал, абыройлы, өз ауданындағы криминогендік ахуалды жақсы біледі, - дейді министр.

Оның сөзіне қарағанда, ірі кәсіпорынды басқаратын кәсіпкер Иван Сауэр де ауылдың әлеуметтік-экономикалық ахуалына орасан көмек жасап отыр. 

Дәрігер, мұғалім, әкімдік қызметкерлері де қызметтік баспанамен қамтылған. «Ауылда қылмысты болдырмау – басты мүддеміз. Себебі жағдайымыздың жақсы болуы осыған тікелей байланысты» дейді агрохолдинг басшысы. Өз кезегінде, көшелерге орнатылған 145 камераны 250-ге жеткізуге уәде берді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында «Полиция - халыққа жақын, ашық болуы керек» деп атап айтты. Және учаскелік инспекторлардың мәртебесін көтеруді тапсырды. Родинадағы учаскелік пунктің жұмысын өзге өңірлерге үлге ету қажет. Біздің мақсатымыз - халықтың полицияға сенімін арттыру. Өйткені полицияға баға беретін – халық! - дейді Ерлан Тұрғымбаев.

Өзгелердің жаңалығы