Бір жылда азық-түлік бағасы 17,9%-ға қымбаттаған

3 Мамыр 2022, 18:00
1771
Бөлісу:
Бір жылда азық-түлік бағасы 17,9%-ға қымбаттаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәуір айында Қазақстандағы инфляция деңгейі жылдық есепте 13,2%-ды, бір айда 2%-ды құрады. Жыл басынан бері инфляция көлемі 7,3% болды.

Бұл туралы Статистика бюросының баспасөз қызметі хабарлады.

Бір жыл ішінде азық-түлік тауарлары 17,9%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 11,1%-ға және ақылы қызметтер 8,9%-ға қымбаттады.

 

2022 жылғы сәуір

Анықтама: 2022 жылғынаурыз

2021 жылғы

сәуірге

2021 жылғы

желтоқсанға

2022 жылғы

наурызға

2021 жылғы
наурызға

2022 жылғы
ақпанға

Тауарлар мен қызметтер

13,2

7,3

2,0

12,0

3,7

Азық-түлік тауарлар

17,9

11,6

3,1

15,4

5,8

Азық-түлік емес тауарлар

11,1

4,9

1,2

10,9

2,8

Ақылы қызметтер

8,9

3,6

1,0

8,3

1,4

Өткен жылдың сәуірімен салыстырғанда құмшекердің, жаңа піскен көкөністердің, картоп пен құс етінің бағасы айтарлықтай өскен. Бағаның төмендеуі тек жұмыртқа бойынша байқалған – 4,1%.

Бағаның өсуі (сәуір 2021ж.-сәуір 2022ж., өсім, пайызбен) 

54,6%  құмшекер 

16,9%  жылқы еті 

46%     жаңа піскен көкөністер 

15,8%  кондитерлік өнімдер 

30,3%  картоп

15,4%  пастерленген сүт 

28,8%   құс еті 

14,8% қышқыл сүт өнімдері, жаңа піскен жемістер, нан 

25,5%  жармалар 

13,6%  ет өнімдері 

23,4%  макарон өнімдері 

12,8%  сары май 

22,7%  ұн

12,4%  шошқа еті 

22,3%  күнбағыс майы 

18%     минералды және ас су 

19,3%  қатты ірімшік 

16,2%  салқындатылған сусындар 

18,3%, тоқаш және ұннан жасалған өнімдер 

16%      темекі өнімдері 

17,5%  қой еті 

11,7%   алкогольді сусындар 

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтер бағасының өзгеруін көрсетеді. Бюроның баға статистикасы департаментінің директоры Қуанышбек Жақыпбекұлының айтуынша, жыл басынан бері индекс құрылымындағы азық-түлік тауарларының үлесі 40,7%-ды, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 30,2%-ды, ақылы қызметтер 29,1%. 

Ай сайын бюро тауарлар мен қызметтердің толық жиынтығы бойынша бағалардың өзгерісін тіркейді. Онда азық-түліктің, тұрмыстық және шаруашылық тауарларының, ересектер мен балалар киімдерінің, денсаулық сақтау, көлік қызметтерінің және т.б. қызмет пен тауарлардың бағасы ескеріледі, барлығы – 508 позиция. Біз бағаны барлық облыс орталығында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгілі бір шеңберінде түрлі меншік нысанындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктемелі желісі бойынша бақылаймыз, – деп түсіндірді Қуанышбек Жақыпбекұлы.

Оның айтуынша, былтырғы сәйкес мерзімге қарағанда 2022 жылғы сәуірде азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 11,1% өсті. Баға деңгейі автомобильдерге 19,2%, тұрмыс құралдарына 18,1%, жеке қолданылатын тауарларға 15,1%, құрылыс материалдарына 14,7%, жуу және тазалау заттарына 14,3%, жиһаз және үйге қажетті заттарға 13%, тоқыма бұйымдарына 8%, фармацевтика өнімдеріне 7,6% өсті.

Бір жылда ақылы қызметтер бағасы 8,9% өсті. Баға деңгейі қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне 13,9%, санаторилердің қызметтеріне 12%, денсаулық сақтау қызметтеріне 11,9%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне 11%, қонақ үй қызметтеріне 5,7% өсті. Жолаушылар көлігі қызметтері 5,4% қымбаттады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында да тарифтердің өсуі байқалады. Электр энергиясы 10,6%, қоқыс шығару 7,8%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газ 3,2% және суды бұру 1,1% қымбаттады. Бір жыл ішінде орталықтан жылыту және ыстық су тарифтері арзандаған, сәйкесінше 2,3% және 1,1%.

Өзгелердің жаңалығы