"Бір уақытта бала сүйсек екен": Төреғалидің екі қарындасы балалы болды

21 Желтоқсан 2023, 21:00
2930
Бөлісу:
"Бір уақытта бала сүйсек екен": Төреғалидің екі қарындасы балалы болды
Фото: Instagram/farizatoreali

Төреғали Төреәлінің екі қарындасы Фариза мен Дина бұған дейін еш жерде жарияланбаған аяғы ауыр кезіндегі ерекше суреттерін көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Фариза мен Дина Төреәлі Instagram желісінде аяғы ауыр кезінде анасымен жасаған фотосессиясын жариялады.

Динаның бала күннен бері маған айтатын бір арманы бар еді. "Екеуміз бірдей бір уақытта бала сүйсек екен" дейтін. Алла қалап ниетіне нәсіп етті, соны еске түсіріп таң қалып отырмыз. Анамыз сияқты батыр ана, дана әйел болуды нәсіп етсін. Ата-ананың қадірін расында өзің ата-ана болғанда түсінетінің рас екен. Олар үшін көп жақсылық жасайық, көп дұға етейік. Ананың балаға жасаған дұғасы қабыл демекші, анамның шын тілегі қабыл болды. Ұрпақ тілеп жүрген жандарға айтарым, үміттеріңізді үзбеңіздер. Ана болу бақытын, әрбір қызға тіледік", - деп жазды Фариза.

Айта кетейік, былтыр тұрмысқа шыққан Төреғалидің қарындасы бұған дейін елден сүйінші сұраған еді.

Өзгелердің жаңалығы