Бір түнде Астанадан 13 мың текше метрден астам қар шығарылды

23-24 желтоқсанға қараған түні елордадан 13 374 текше метр қар шығарылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

25 Желтоқсан 2022 2022, 09:25
АВТОР
 25 Желтоқсан 2022 2022, 09:25
25 Желтоқсан 2022 2022, 09:25
1327

23-24 желтоқсанға қараған түні елордадан 13 374 текше метр қар шығарылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Жауын-шашынның көп түсуіне байланысты қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді.

Бүгінде елорда бойынша қар тазалау жұмыстарына 2,3 мыңнан астам жол жұмысшылары мен мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

23-24 желтоқсанға қараған түні қаладан полигондарға 13 мың текше метрден астам қар немесе 1 086 жүк көлігі шығарылды.

Қыс мезгілінің басынан бастап коммуналдық қызметтер қаладан 67 мыңнан астам жүк көлігін, яғни 819 мың текше метрден астам қарды шығарды.

Наверх