Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Бір тамшы су бермейміз": Бектенов өңірлерге қатаң талап қойды

Бүгiн, 11:19
194
Бөлісу:
 BAQ.KZ коллажы
VIDEO
Фото: BAQ.KZ коллажы

Үкімет басшысы Олжас Бектенов су тапшылығы жағдайында сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін кешенді шараларды іске асыруды тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, облыс әкімдері 2026 жылғы вегетациялық маусымға дайындық аясында коммуналдық меншіктегі гидротехникалық нысандар мен ирригациялық каналдарға жөндеу жұмыстарын жүргізуі қажет.

Басты міндет – суды көп қажет ететін дақылдардың үлесін қысқарту және су үнемдеу технологияларын енгізу. Өңір әкімдіктері мен уәкілетті мемлекеттік органдар егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру бойынша индикаторлардың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етсін. Су ресурстары министрлігі бекітілген лимиттерден тыс су беру жағдайларының алдын алсын. Бұл өзекті мәселе, мен қайталап айтайын, – деп ескертті Үкімет басшысы.

Сонымен қатар ол Ауыл шаруашылығы министрлігі егіс алқаптарын әртараптандыру жөнінде тиісті кесте бекіткенін алға тартты. Мәлімдеуінше, алдағы уақытта барлық жұмыс осы кестеге сәйкес жүргізілуге тиіс.

Мысалы, бір шаруашылықта 100 гектар болу керек десек, ертең 1 гектар артық егілсе, оған біз бір тамшы су бермейміз. Егер ертең осы көрсеткен, Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен көрсеткіштерді бұзып, ертең диқандардың шығындары болса, бір тиыны да бюджеттен өтелмейді. Мұны халыққа ашық, үзілді-кесілді айту керек. 2026 жылдың шілдесінде Шардара топтық су құбырының құрылысы аяқталады. Бұл қала тұрғындарын ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деді Олжас Бектенов.

Сондай-ақ премьер-министр аталған мәселені өзігің жеке бақылауында ұстайтынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы