Бір сұрақ, екі жауап. Референдумда дауыс қалай беріледі?

17 Мамыр 2022, 13:30
2478
Бөлісу:
Бір сұрақ, екі жауап. Референдумда дауыс қалай беріледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОСК басшысының орынбасары Константин Петров  Орталық референдум комиссиясының отырысында айтты. 

Бюллетеннің өзі мен  бюллетень мәтіні мен нысаны бекітілді. Бюллетеньдер жасырын дауыс беру кабинасында толтырылуы тиіс. Оны әркім өзі толтырады. Толтыру кезінде сайлаушыдан басқа біреудің болуына тыйым салынады. Егер жеке азаматтар денсаулығына байланысты немесе басқа себептермен оны өз бетінше толтыра алмаса, олар референдумды ұйымдастырушылар мен бақылаушылардың қызметін емес, басқа азаматтың қызметін пайдалануға құқылы, - деді Константин Петров. 

Оның айтуынша, азамат өзі дауыс беретін жауаптың оң жағындағы бос жәшікке кез келген белгіні қоя алады. 

Бір сұрақ, екі жауап. Оны таңдап, бір белгі қою керек – белгілеуге болады, + қоюға болады, дөңгелетуге болады, «галочка» қоюға болады. Бірақ таңдау анық болуы керек. Қарындашпен белгі қоюға, сондай-ақ оларға қандай да бір түзетулер енгізуге жол берілмейді. Толтырылған бюллетень сайлау жәшігіне тасталады. Әрі қарай, біз дауыс беруді аяқтау алгоритміне және дауыстарды санауға көшеміз, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы