“Бір шұңқырдың кесірінен қаза тауып жатыр”. Министр жолы қауіпті өңірлерді атады

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов қай өңірлерде жол апаты жиі болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 BAQ.KZ  -архив 30 Шілде 2024 2024, 11:35
30 Шілде 2024 2024, 11:35
1012
Фото: -архив

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов қай өңірлерде жол апаты жиі болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ұлытау, Жетісу, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды облыстарының трассаларында адам өлімінің деңгейі жоғары, – деді ол Үкімет отырысында.

Сәденов осы айда Қарағанды облысы «Алматы-Екатеринбург» трассасының жөнделіп жатқан учаскесінде 2 аптада 3 жол көлік оқиғасы болғанын айтты.

Онда 9 адам қаза тауып, 14 жарақат алды. Ақтөбе облысында бір шұңқырдың кесірінен 2 жол апаты болды, 4 адам зардап шегіп, біреуі қаза тапты. Мұндай фактілер әр аймақта бар. Шұғыл түрде 4 және одан да көп жолағы бар 6 мың шақырымнан астам жол салу қажет, – деді ведомство басшысы.

Наверх