"Бір қазы 64 мың теңге": Ең қымбат қазы қай жерде сатылатыны белгілі болды

Бүгiн, 13:57
9335
Бөлісу:
"Бір қазы 64 мың теңге": Ең қымбат қазы қай жерде сатылатыны белгілі болды
VIDEO
Фото: halalspb.ru

Лондонда тұратын жерлерісіміз ең қымбат қазының қай жерде сатылып жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Желі қолданушысының видеосы 400 мыңнан астам қаралым жинаған. Сөзінше, Ұлыбританияда қазақтың дәстүрлі өнімдеріне сұраныс жоғары.

Лондонға келгенде қалай пайда табуға болады? Мұнда бір қазыны қазақтар 64 000 теңгеге, яғни қазіргі курспен 100 фунтқа сатып жатыр. Ал бір қорап темекі 4000 теңге тұрады. Құрт пен "Қазақстан" шоколады бұл жерде атымен жоқ, сондықтан оларды да қазақтар жақсы сатып алады. Егер Лондонға келсеңіздер, киім емес, қазы, темекі алып келіңіздер – тез өтеді. Киім бұл жерде арзан әрі сапалы, - дейді Әзиз есімді азамат.

Өзгелердің жаңалығы