Еліміздің 7 өңірінде жүкті әйелдерде ұрық диагностикасының тиімділігін арттыруға және "бір терезе"қағидаты бойынша көмекті ұйымдастыруға бағытталған пренаталдық диагностика орталықтарын құру жөніндегі жоба басталады.
Туа біткен ақауларды уақтылы және дәл диагностикалау әйелдің денсаулығы үшін де, болашақ бала үшін де үлкен маңызға ие және ерекше медициналық және әлеуметтік маңыздылыққа ие болады.
Жобаның мақсаты - ұрықтың даму ауытқуларының ерте диагностикасын жетілдіру, баланың өмірі мен денсаулығына қауіп-қатер мен болжамды уақтылы анықтау.
Жүкті әйелдер үшін "бір терезе" қағидаты бойынша, анықтауы жоғары және диагностикалық тиімділігі мол заманауи аппараттарда бір күннің ішінде пренаталдық скринингтен өту мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
Еуропалық ұрық медицинасы қорының халықаралық стандарттарына (FMF) сәйкес кадрлық қамтамасыз ету бөлігінде пренаталдық ультрадыбыстық диагностиканың 200-ге жуық дәрігері сертификатталған,медициналық генетика бойынша 20 дәрігер оқытылған. Сондай-ақ, "Қазақстан халқына" қорының қолдауымен біліктілікті арттыру үшін Санкт-Петербург қаласындағы Отто атындағы клиникаға алғаш рет 20 өңірден 50 пренатолог (генетиктер мен Узистер) оқуға жіберілді.
Пилоттық жобаға аумақтық және туу деңгейін ескере отырып, Астана, Алматы, Ақтөбе,с Шымкент, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан облыстары елдерінің жеті өңірі кірді.
Мәселен, Алматыда Алматы қаласының Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының базасында әкімдіктің қолдауымен Перинаталдық диагностика орталығы болашақ аналарға есік ашты.
Жобаның қорытындысы бойынша талдау жүргізіледі, тиімділікке баға беріледі, бұдан әрі аталған жобаны еліміздің барлық өңірлерінде масштабтау жоспарлануда.
Жоба ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және Аяла қайырымдылық қоры мен Шеврон компаниясының бастамасымен іске асырылды.