Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров "доллар 600 теңгеге жете ме?" деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Журналист министрден "доллар 600 теңгеге жетсе, қандай жоспарларыңыз бар?" деп сұрады.
Үкіметте елдің әлеуметтік-экономикалық жоспары бар. Базалық сценарий бойынша жоспар бар және 500 теңге болғандағы А және Б жоспары бар. Біз жағдайға байланысты жоспар жасаймыз. Біз әзірге доллар 600 теңге болады деген болжам жасап отырған жоқпыз. Біздің жоспарымызда "Б" жоспары ол 500 теңге болды. Доллар 600 болады дегенге жоспарымыз болған жоқ. Үкіметтің жоспары аясында біз келесі жылы инвестицияны шетелдік валютада сақтауды жоспарлап отырмыз. Ол инвестициялар біздің валюталық нарықтан өтеді. Сонымен конвертацияланып, Қазақстанда жобаларды жүзеге асыруға жұмсалады. Біз осылайша, елге валюталық ағынды күшейтеміз, - дейді Байбазаров Үкіметтің баспасөз орталығында.
Бұған дейін Үкімет басшысының орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров 2025 жылдан бастап балалар жәрдемақысы өсетінін айтты. Сондай-ақ Нұрлан Байбазаров теңгеге әсер етіп отырған үш факторды атады.
Ұлттық экономика министрі 2025 жылы елімізде зейнетақы мен жәрдемақының қаншаға өсетінін айтты.