Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай тұрғыны бойжеткенді кездесуге шақырған, бірақ романтикалық басқосу ұрып-соғу, тонауға ұласқан деп хабарлайды zakon.kz.
1 қарашада таңғы сағат жетілер шамасында Қостанай қалалық ПД Солтүстік полиция бөлімінің кезекші бөліміне 24 жастағы жігіт қалалық ауруханаға басынан ауыр жарақаттанып түскені туралы хабарлама келіп түскен.
Жәбірленушінің айтуынша, түнгі сағат үштер шамасында аты-жөні нақты есінде сақталмаған қызбен танысқан. Олар Қайырбеков көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің подъезі маңында бір шөлмек арақ ішіп, өз таныстықтарын жууды ұйғарады. Әңгіме-дүкен барысында қыз оның басынан кенеттен бөтелкемен ұрған, содан кейін оның қолындағы Iphone-ын жұлып алып, қашып кеткен.
Сонымен бірге, жедел қызметкерлер анықтаған қыздың айтуынша, жағдай басқаша болған. 20 жастағы жергілікті тұрғын оған жанашырлық танытып, ұялы телефонын өзі сыйлағанын айтады. Алайда оның арынынан қорыққан бойжеткен жаңа танысының басынан бөтелкемен ұрып, қашып кеткен, - деп түсіндірді Қостанай қалалық ПД.Жастардың қайсысы шындықты айтып тұрғанын қазір полиция Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы, 2-бөлігі бойынша тіркелген қылмыстық іс аясында тергеп жатыр.