Бір айда төрт жасөспірім есірткі тасымалдағаны үшін ұсталды

29 Қаңтар 2024, 11:48
694
Бөлісу:
Бір айда төрт жасөспірім есірткі тасымалдағаны үшін ұсталды
Фото: скриншот

Бұл туралы ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов брифинг барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Есірткімен айналысатындардың дені кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер. Бұл өте ауқымды мәселе. Өткен жылы есірткіні тасымалдағаны үшін 40-тан астам жасөспірім ұсталды. Ал осы айдың өзінде 4 жасөспірім қылмысқа тартылды. Жақында ғана Ақтөбеде 9-сынып оқушысы есірткіні тасымалдағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды, - дейді ол.

Сондай-ақ маман осындай жасөспірімдердің ата-анасы, туыстарымен тікелей байланыс жасап, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырғанын айтады. Бірақ жасөспірімдер мұндай қадамға саналы түрде баратынын түсіну керек екенін айтты.

Мектеп ұстаздарына, ата-аналарға балалармен ерте жастан жақын сөйлесуге кеңес беремін. Әрбір ата-ана балалардың қандай сайттарға кіретінін, не көретінін қатаң бақылауға алуды сұраймын, - дейді ол.

Бұған дейін елімізде 200 отбасы ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін екені белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы