Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Маңғыстауда алғаш рет "Бір ауыл - бір өнім" пилоттық жобасы жүзеге асты. Мақсат - ауылдық жерлердегі жұмыссыз отырған қыз-келіншектерді кәсіпке баулу. Жоба осы уақытқа дейін Қостанай, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында іске асқан.
Мамандар Маңғыстауда "Бір ауыл - бір өнім" жобасын өткізу үшін Қарақия ауданы Құрық ауылын таңдаған. Себеп -бұл елдімекендегі қыз-келіншектердің жүннен бұйым жасауда базалық білімі бар, әрі бұл іске әбден машықтанған .
Ауылдарда жүн көп. Оны жинап жатқан адам жоқ. Тек өртеп жатыр. Өйткені, сұраныс жоқ. Жүн бұл- эко материал. Әлемде қазір эко материалдан бұйым жасау трендте. Бізде заманға сай эко ойыншық, эко эко сөмкелер жасағымыз келеді-дейді Сәуле Салихова облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрағасы
Жүннен бұйымдар жасап үйрету үшін Құрыққа еліміздегі "хас шебер" атымен танымал Әуес Сағынаева дәріс берді. Шеберлік сағатына 30-ға тарта қолөнерші қатысты.
Жүннің денсаулыққа пайдасы зор. Ойыншықтан бастап, киім, аяқ-киім, барлық нәрсені жасауға болады. Бұрын Құрық ауылына бірнеше рет келіп жүнмен жұмыс жасау тренингтері өткізгенбіз. Сондықтан да жоба осы ауылдан бастау алды. Қыздардың барлығы болмағанмен 10 шақты қыз жұмыс жасауға дайын- дейді шебер Әуес Сағынаева.
Қолөнерді меңгеріп кәсіп бастауға ниеттілердің бірі -Гүлбаршын Манашова . Жастайынан ине мен жіпті серік еткен оған жүнді иіріп әкету де қиынға соқпады. Бүгінгі шеберлік сағатының алғашқы күні-ақ ¤жүннен орындыққа арналған кілемше жасап шықты. Ол шеберлік сағатына жалғыз келмей келінін де ерте келген. Өйткені, кәдеге аспай жатқан қой, түйе, ешкі жүнінен түрлі бұйым жасап, отбасылық кәсіпті дөңгелетуді жоспарлап отыр.
Жүнен түрлі бұйым жасап, қолды үйрете берсем. Одан әрі үйренгенімді айналамдағы жастарға, келіндерге, қыздарыма үйретіп, одан әрі дамыта бергім келеді -дейді Гүлбаршын Манашова .
Бұл жобаның Қырғызстанда өтіп жатқанына 14 жыл. Осы уақытқа дейін 163 ауылды қамтыған. Сондықтан жоба жетекшілері сол елге барып тәжірибе жинап келген. Олар алдағы уақытта еліміздің әрі ауылында бір өнім тұрақты шығатынына сенеді.