Бір аптадан кейін табылған шопанның жағдайы қалай?

28 Ақпан 2021, 17:01
2129
Бөлісу:
Бір аптадан кейін табылған шопанның жағдайы қалай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жезқазған дәрігерлері бір аптадан кейін даладан табылған қойшы Амангелді Тұржановтың денсаулығы туралы айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қостанай облысының шопаны Амангелді Тұржанов Жезқазған көпсалалы ауруханасының бөлімшесінде жатыр. Оны құтқарушылар ауруханаға әбден қалжырап тоңған күйінде тікұшақпен жеткізген болатын.

Науқастың жағдайы тұрақты, қалыпқа келе жатыр. Ол консервативті ем қабылдауда, санасы ашық. Сөйлеуі де қалыпты, - деді Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының Жезқазған аймақтық өкілдігінің баспасөз хатшысы Елизавета Васильева.

Дәрігерлердің айтуынша, қойшының екі тізесі мен қолдарын аяз қарыған.

Естеріңізге сала кетейік, бір апта бұрын жоғалып кеткен шопан Амангелді Тұржановты Қостанай облысы Амангелді ауданының аумағындағы құтқарушылар даладан тапты.


Өзгелердің жаңалығы