Бір аптада 3184 қылмыс жасалды – ІІМ

18 Шілде 2022, 11:17
2053
Бөлісу:
Бір аптада 3184 қылмыс жасалды – ІІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде өткен аптада 3184 қылмыс жасалды. Бұл туралы ІІМ бір апталық брифингінде айтылды.

3184 қылмыстың 1 958-і тәулік ішінде ашылған. Полиция қызметкерлері ізін суытпай 7 кісі өлтіруді, 2 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 45 тонау және 450 бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысын ашқан.  

Өткен аптада Президент Ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады. Президентке еліміздегі криминагендік жағдай баяндалды. Ішкі істер органдарының биылғы жарты жылда атқарған жұмыстарының нәтижесі жөнінде мәлімет берілді.

Қылмыс деңгейінің айтарлықтай төмендегені туралы баяндалды. Қарақшылық, бопсалау және мал ұрлығы фактілері азайған. Қоғамдық орындар мен көшелердегі қауіпсіздік деңгейі көтерілген. Министрлік полиция тергеуінің видео форматын енгізуді пысықтап жатыр. Сондай-ақ қылмыстық процесті цифрландыру ісі жалғасуда. Бүгінде барлық қылмыстық құқық бұзушылықтың 81,7 пайызы электронды форматта тергеледі, – деді ІІМ ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Сонымен қатар ол министр мемлекет басшысына қоғамдық қауіпсіздікті халықпен бірлесіп қамтамасыз ету жөніндегі тұжырымдаманың негізгі ережелері туралы мәлімдеді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер органдарын цифрландыру, жол апаттарының алдын алу жұмыстарын жандандыру маңызды екенін атап өткен.

Өзгелердің жаңалығы