Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің апталық брифингінде белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Белгілі болғандай ел аумағында бір апта ішінде 2758 қылмыс жасалып, оның 1715-і тәулік ішінде ашылған.
Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 6 кісі өлтіруді, 8 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 32 тонау және 326 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты,-деді ІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлері алма бағында өсірілген қарасора плантациясын тікұшақ арқылы тапқан.
Алматы облысын тікұшақпен тексеру кезінде полиция қызметкерлері Түрген ауылының маңында «үнді» қарасорасының плантациясын тапты. Қарасора алма бағында 15 гектар жерде өсірілген. Жеміс ағаштарының арасында жасырылып отырғызылған есірткі өсімдігі толық суарылып, бапталып өсірілген,-деді ІМ өкілі.