"Бір адамға - 5 келі". Астанада картоп сатуға шектеу енгізілді

Бүгiн, 17:16
1108
Бөлісу:
"Бір адамға - 5 келі". Астанада картоп сатуға шектеу енгізілді
Фото: - архив

Астанада картоп бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Картоп жетіспеушілігі жоқ. Өнім қаланың сауда желілері мен базарларының сөрелерінде жеткілікті көлемде ұсынылған, ал оның қорлары уақытылы толықтырылуда.

Өнімді көтерме бағада сатып алуды болдырмау мақсатында "Small" және "Spar" желілерінің сауда нүктелерінде картопты бір адамға 5 келіден артық сатуға уақытша шектеу енгізілді, - делінген хабарламада.

"Small" компаниясы өкілінің айтуынша, уақытша шектеу сұраныстың артуына байланысты және көтерме сатып алуды болдырмай, бағаны тұрақтандыру үшін енгізілді.

Айта кетейік, бұған дейін BAQ.KZ тілшісі картоптың орташа бағасы неше теңге екенін білу үшін Астанадағы сауда орталықтарының біріне барған еді.

Өзгелердің жаңалығы