Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та қазіргі вакцинамен көбірек қамту керек пе, әлде оның модификацияланған нұсқасы қажет пе? деген мәселе талқыланып жатыр.
Коронавирустық инфекцияның жаңа түрінен толық қорғану үшін вакцинаның үшінші кезеңі қажет болуы мүмкін, - дейді Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс.
Оның айтуынша, үшінші дозада вирус мутациясын ескере отырып, өзгертілген вакцина болады. Бұл туралы сәрсенбіде ол CBS News-ке берген сұхбатында айтты.
Қазір біз қолданыстағы вакцинамен қамту бойынша жоғары деңгейге жетуіміз керек пе немесе дәл осындай үшінші доза керек пе, әлде модификацияланған вакцина қажет шығар деген мәселе талқылануда, - деді ол.
Гейтс коронавирустың жаңа штамдары АҚШ-қа жеткен кезде әлемде жетілдірілген вакцина пайда болатынын айтты.
АҚШ-та халықты коронавирустық инфекцияға қарсы жаппай егу басталды, бірақ қазір оның қарқыны қолайсыз ауа райына байланысты баяулаған.
АҚШ президентінің әкімшілігі вакцинация басталған алғашқы 100 күнде, яғни сәуір айының соңына дейін 100 миллион дозалық вакцинамен қамтамасыз етуге уәде берген еді.
АҚШ-та мақұлданған екі вакцинаның әрқайсысы-Moderna және Pfizer / BioNTech - екі дозадан тұрады.
АҚШ әлемде коронавирус жұқтырғандар саны мен өлім-жітім көрсеткіші бойынша көш бастап тұр.
Федералды және жергілікті биліктің, сондай-ақ БАҚ пен басқа да ашық ақпарат көздерінің деректерін жинақтайтын Хопкинс университетінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, елде 27,7 миллионнан астам адам вирус жұқтырған, 490 мыңға жуық адам қайтыс болған.