Білім саласындағы қызметтің 86%-ы электронды түрде көрсетіледі

2 Ақпан 2021, 17:08
1761
Бөлісу:
Білім саласындағы қызметтің 86%-ы электронды түрде көрсетіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында білім және ғылым саласында мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру туралы мәселе қаралды.

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғаридің айтуынша, білім және ғылым саласындағы 62 мемлекеттік қызметтің 86%-ын электронды түрде көрсету жоспарлануда.

 2019 жылы білім және ғылым саласындағы 47 мемлекеттік қызмет 29-ға дейін оптимизацияланды. Бұл барлық қызметтің 76%-ын құрайды. Бұған дейін тек 4 қызмет электронды үкіметке енгізілген болатын: аккредитация, лицензия беру, коллекциялық материалдардың экспортына лицензия беру және апостиль. Қазіргі таңда оптимизацияланған 29 мемлекеттік қызмет электронды үкіметте жұмыс істеп тұр. Оның ішінде екеуі ҚР Білім және ғылым министрлігіне редирект (ред. - автоматты түрде министрлікке жолдау) жасайды, - деп баяндады ол. 

Ол 2020 жылы цифрландырылған мемлекеттік қызметтерді атап өтті.

Халық арасында қолайсыздықтарды азайту мақсатында шетелде оқып жатқан қазақстандық студенттерді тіркеу қызметіне аз уақытта реализация жасалды. Бүгінгі таңда бұл қызмет көрсету түрі сәтті іске қосылды. Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат, олимпиадалық резерв колледждері мен спорт саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернатқа қабылдау бойынша қосымша қызмет көрсету жоспарланып отыр. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған және балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептеріне документ қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет цифрландыру бойынша тестілеу кезеңінде. 2020 жылы 30 оптимизацияланған қызметтер бойынша бизнес-процестер жүргізілді, - деп айтты вице-министр.
Раушан Арманқызы
Өзгелердің жаңалығы