Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Білім саласындағы бірнеше лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

5 Қараша 2025, 23:27
536
Бөлісу:
 ҚР Жоғары аудиторлық палатасы
Фото: ҚР Жоғары аудиторлық палатасы

Мемлекеттік аудит нәтижесінде Оқу-ағарту министрлігінің, жетекші жоғары оқу орындарының және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының бірқатар қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Жоғары аудиторлық палатаға сілтеме жасап.

Биыл ақпанда орта білім беруді дамытуға бөлінген бюджет қаражатының тиімділігіне қатысты аудит жүргізілген. Тексеру барысында педагогтерді даярлау, жұмысқа орналастыру және білім беру процесін әдіснамалық қамтамасыз ету бағыттарында бірқатар заң бұзушылықтар анықталды.

Аудит қорытындысы бойынша Жоғары аудиторлық палата заңнаманы бұзуға жол берген лауазымды тұлғаларды жауапқа тартуды тапсырған.

Нәтижесінде тәртіптік шаралар төмендегі лауазымды тұлғаларға қатысты қолданылды:

  • ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім және Білім сапасын қамтамасыз ету комитеттері төрағаларының орынбасарлары;
  • Бірқатар университеттердің ректорлары мен проректорлары, соның ішінде Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ, Ш. Есенов атындағы Каспий университеті, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, С. Аманжолов атындағы ШҚУ және тағы басқалар;
  • «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының бөлім басшылары мен әдіскерлері.

Жоғары аудиторлық палатаның хабарлауынша, аудит нәтижесінде берілген өзге де ұсынымдардың орындалуы бақылауда тұр.

Өзгелердің жаңалығы