Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі білім беру саласындағы заңдылық қағидатын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Талдықорған қалалық соты "Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі" ММ бас бухгалтері К. Құрманғалиеваға, сол бөлімнің бухгалтерлері А. Мұратова мен А. Қалабаеваға, "Қазпошта" АҚ аудандық учаскесінің бастығы А. Такенге, "Айдана" бөбекжай-бақшасы меңгерушісінің м.а. Н. Балғабаеваға және Жетісу облысы ІМАБ камералдық бақылау бөлімінің басшысы У. Жапабаевқа қатысты үкім шығарды.
Құрманғалиева, Қалабаева, Мұратова және Такен білім бөлімі қызметкерлерінің шоттарына белгіленген жалақыдан артық аудару жолымен 1,6 млрд теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Балғабаева, Қалабаева балабақшада аудит жүргізбеу сылтауымен олардың ақшалай қаражатын иемденген Жапабаевқа пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды. Құрманғалиеваға 8 жылға, Қалабаева, Мұратова және Такенге 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - деп жазды Антокор.
Балғабаева мен Жапабаевқа тиісінше 1,2 млн теңге және 1 млн теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар, сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
- Мұқаба
- Жаңалықтар
Білім бөлімінің бас бухгалтері 8 жылға сотталды

-
1Мьянмадағы жер сілкінісі: Құрбандар санының көп болу себебі анықталды54072"Өтірік": Түрік полициясы 2,2 млн-нан астам адамның митингке қатысқанын жоққа шығарды23503Қазақстандықтар тамақ пен араққа қанша ақша жұмсайды17904Қазақстанның кей өңірінде пәтер бағасы арзандады13045“Мерзімінен бұрын сайлау өтеді“: Оппозиция қол жинауға кірісті1160
-
1О дүниеге барып келген әйел не көргенін айтып берді630042"Бір қазы 64 мың теңге": Ең қымбат қазы қай жерде сатылатыны белгілі болды464393Қазақстанда жүргізушілерге қайта емтихан тапсыру міндеттелмек430534Ми неше жастан бастап тез қартаяды?406455Қазақстандық әйелдер 8 наурызға 7 864 теңге алады39759