Білім беру саласына инвестиция құю елдің болашағына қалай әсер етеді?

Білім беру саласына инвестиция құю елдің болашағына қалай әсер етеді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 3,8 миллион студент пен 3700 оқу орнының деректеріне негізделген Coursera Campus Skills Report 2022 баяндамасының мәліметінше, әртүрлі саладағы студенттер бағдарламалау сияқты цифрлық құзыреттерді алуға ұмтылып жатыр. Себебі  көптеген адам үшін IT саласында жұмыс істеу сенімді таңдау болып көрінеді. 

Сонымен қатар қарым-қатынас дағдылары және басқа да икемді дағдылар танымал болып отыр. Мысалы, болашақ инженерлер мансаптық өсу үшін бұл дағдыларды дамыту қажет деп санайды.

Сапалы білім беру жүйесіне инвестициялаудың кешенді тәсілі көптеген елдер үшін стратегиялық басымдыққа айналып отыр. Постиндустриалды дәуірде табысты әлеуметтік-экономикалық өсу мен тұрақты дамудың нәтижелерін материалдық емес, интеллектуалдық ресурстар мен технологиялар анықтайды. Coursera-дағы Азия аймағының басшысы Эклавия Бхаве жүргізді.

Оның айтуынша, сапалы білім БҰҰ-ның таза энергия, гендерлік теңдік, экономикалық өсу және инновация сияқты тұрақты даму мақсаттарына әсер етеді. 

Сонымен қатар әлемде университеттерде оқытылатын және аймақтар талап ететін білім арасындағы алшақтық артып келеді.

Ұлыбританияның Білім департаментінің бұрынғы хатшысы Джонатан Слейтерді университеттер қалай бәсекеге қабілетті бола алатыны және бұл экономика мен халықтың өміріне қалай әсер ететіні туралы айтты. 

Ол өз елінің тәжірибесімен бөлісіп, соңғы қырық жылдағы білім саласындағы реформалардың негізгі бөлігі сандармен жұмыс істеудің негізгі қабілетін дамыту болып табылатынын айтты. 

Табыс алу әлеуетін математика мен сауаттылықтан басқа ештеңемен байланыстыруға болмайды. Бұл екі дағды — болашақта көп ақша табу үшін үйренуге қажет негізгі дағдылар. Сонымен қатар, мұғалімдер адамдардың қалай үйренетінін оқып, түсінуі керек.

Біз бәрін білетін немесе «мен бәрін білемін» деп айту үшін жеткілікті білетін сәт болмайды. Шындығында, сіз тез бейімделуіңіз керек, сондықтан үйрену қабілеті немесе метатаным деп аталатын нәрсе  - бұл бізге, мұғалімдерге, окушылардың даму үдірісіне көмектесу үшін қажет негізгі дағды. Егер жұмыс берушілерден жастар нені білуі керек деп сұрасақ, олар әрқашан бұл сауаттылық пен есептеу деп айтады. Бірақ оларға ең алдымен soft skills қажет  — оларға шығармашылық, ұжымда жұмыс істей білу керек, қарым-қатынас, бірін-бірі тыңдау сияқты дағдылар қажет. Олар мейірімді адамдарды қалайды. Жұмыс берушілерге ең алдымен адам ресурстары, эмоционалды интеллект қажет. Ал негізгі жұмыс дағдыларын оқу орындары емес, жұмыс берушілер жақсы үйретеді. Сондықтан білім беру жүйесі арасында серіктестік қалыптасу қажет, оқу орындары жұмыс берушіге қолжетімді емес белгілі бір дағдыларды ұсынатын болса, жұмыс беруші нақты дағдыларды береді, - деп, Джонатан Слейтер атап өтті.

Мысалы, Ұлыбританияда оқуды, жазуды және санауды үйренумен қатар, аға ұрпақ цифрлық гаджеттермен жұмыс істеуді үйретеді.

Джонатан Слейтер өз сөзін адамдарға роботтандырудан қорықпау керек деген сөздермен қорытындылады, өйткені оларда әлі де ең озық машинада ешқашан болмайтын нәрсе бар. 

Бұл аяушылық, тыңдау, жанашырлық және қамқорлық. Сондықтан қазіргі білімнің алдында адамды бір-біріне бей-жай қарамайтындай етіп тәрбиелеу міндеті тұр.

 «М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айнұр Карбозова студенттер үшін әлемдік тәжірибенің маңыздылығы, сондай-ақ бұл үдерістегі онлайн оқыту мен цифрлық платформалардың рөлі туралы айтты.

Дәл осы спикерге білім берудің жаһандануы туралы сұрақ қойылды, себебі КАЗГЮУ академиялық ұтқырлық бағдарламасын белсенді түрде қолданады. Университеттің Германия, Польша, Чехия, Жапония, Оңтүстік Корея және басқа да көптеген елдерде 90-нан астам халықаралық серіктестері бар. КАЗГЮУ-дың тағы бір жаһандық бағдарламасы – қос диплом. 

Бұл механизм студенттерге халықаралық тәжірибе, әртүрлі мүмкіндіктер мен мотивация береді. Осының арқасында студенттер болашақта еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болып, жаңа сынақтарға тез бейімделеді, soft skills дамытады және оларды қолданады. Сарапшының айтуынша, Қазақстанда білімді теориялық тұрғыдан көрсетуге көбірек мән беріледі, сондықтан студенттер көптеген практикалық дүниелерден айырылуда. Сол себепті КАЗГЮУ халықаралық серіктестер мен әлемдік тәжірибені іздеуге үлкен көңіл бөледі.

Астана ІТ университетінің ректоры Дархан Ахмед-Заки бұл туралы толығырақ айтып берді.

Маманның айтуынша, университет болашақта 200 мың талапкерді қабылдай алатынына қарамастан, мектептің өмір бойы білім беру үдерісіндегі рөлін ұмытпау керек. Мектепте java-бағдарламалау және робототехника арқылы цифрлық дағдылар қалыптастыру керек.

Әрі қарай университет күшіне енеді – студенттер алдымен теориялық, содан кейін қолданбалы инженерлік білім алады. Кейін білім магистратура мен докторантура сатысында толықтырылады. Университет үшін математикалық және логикалық білім маңызды болғандықтан, талапкерлер ҰБТ-дан басқа ішкі емтихандарды тапсырады. Соның ішінде: ағылшын тілі, информатика, логиқалық ойлау.  Іріктеу мен оқытудың өзі де қиын, сондықтан статистика бойынша 600 студенттің 523-і ғана университетті бітіреді.

Егер біздің бағдарламаларымызды, топтық жұмыстарымызды немесе әр түрлі жобалық тапсырмаларымызды қарастыратын болсақ, оның барлығы шығармышылық қабілеттерін талап етеді. Ол болмаса, ғылымымыз жалықтырып жібереді. Елбасымыздың айтуынша, 100 000 IT-мамандарды шығару керек, бұл біздің міндеттеріміздің бірі. Жыл сайын 1500 кадрлар шығарғымыз келеді. Біз тек теориялық қана емес, практикалық құзіреттілікке де ие болатын мамандардың жаңа буынын дайындауға тырысамыз. Біз Қазақстанда жаңа ұрпақ — цифрлық трансформацияда жұмыс істей алатын адамдар пайда болғанын көріп отырмыз. Оларға тек IT саласындағы білім ғана емес, soft skills те қажет. Сонымен қатар, біз IT-менеджмент, цифрлық трансформация және IT-журналистика бойынша мамандарды дайындаймыз. Бұл көпсалалы білім, пәнаралық білім, және ол бізге еңбек нарығының талаптарына толық жауап беруге мүмкіндік бере алатынын күтеміз, — деп, Дархан Ахмед-Заки атап өтті.

Білім беру саласына инвестициялар мен мамандарды дайындаудан басқа, АХҚО-да болашақта IT-инженерия саласына жаңадан келгендерді қолдауды жоспарлап жатыр. Бұл үшін, сессияда ертерек айтылғандай, Қазақстанда 100 000 жаңа IT-маман жарыққа шығару керек. 

Алайда әзірге Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде бұған жағдай жоқ.  Сол себепті, ойын шарттарын өзгертетін қосымша шешімдер керек — мүмкін, мамандарды даярлаудың асимметриялық тәсілін қолдану қажет. 

Бөлісу: