Білім басқармасы ата-аналарға үндеу жасады

27 Қыркүйек 2024, 12:29
532
Бөлісу:
Білім басқармасы ата-аналарға үндеу жасады
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Әділбаев балалардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында ата-аналарға үндеу жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Баланың қауіпсіздігіне, қоғамдағы жүріс-тұрысына барынша көңіл аудару керек. Әсіресе соңғы кезде оқушылар арасында буллинг пен кибербуллинг белең алып тұр. Балалардың қолындағы ұялы телефондарын тексеріп, қандай желілерді, қандай сайттарды пайдаланатынына, қандай ойындар ойнайтынына көңіл бөлу керек. Ондай болған жағдайда мектеппен, мұғалімдермен, психологтармен бірлесе жұмыс істеп, дұрыс әрекет жасауға шақырамын, - деді ол.

Білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Әділбаев интернет не болмаса ойындар арқылы балаларға зорлық-зомбылық көрсету, заңсыз әрекеттерге итермелеу жолдарын ата-ана, мектеп және оқушы болып бірге шешу керегін айтты.

Мектеп ата-аналармен тығыз байланыс орнатып жатыр. Осы жұмыстарға белсене қатысып, балалардың болашағын, қауіпсіздігін ойлап, мектеппен бірге күресу керек, - деп түсіндірді Әділбаев.

Өзгелердің жаңалығы