СҚО, baq.kz. Солтүстік-Қазақстан облыстық соты жасаған талдау Қайрат және Құлыкөл ауылдық округтеріндегі Уәлиханов ауданының Билер кеңестері жүргізген жұмыстың табыстылығын көрсетті. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Билер кеңестерінің мүшелері өзінің өмірлік тәжірибелеріне сүйеніп, тараптарды татуластыру жолымен күрделілігі әртүрлі деңгейдегі жанжалдарды шешуге де, отбасы ішінде туындайтын дауларды шешуге де көмектеседі. Даулардың түпкілікті шешілуі, жанжалдасқан тараптардың бір-біріне деген жақтырмаушылық, жанжалдан кейін көңілде қалатын ұнамсыз кірбің, ұнаптаушылық сияқты жағымсыз сезімдерінің қалмауы билер кеңестері жұмыстарының бірегейлігін айқындайды. Оның үстіне бұл даулар сотқа дейін шешіледі" - деілген хабарламада.
Осылайша, Билер кеңесінің отырысында ерлі-зайыптылардың арасында болған жанжалдың бірінде некенің бұзылуына түрткі болған себеп анықталды. Бұл – жұбайының алкогольдік ішімдікті шамадан тыс пайдалануы болған екен. Кеңестің мүшелері ер азаматқа ақылын айтып, оны әйелімен татуластырып, отбасыны сақтап қалды.
Сонымен қатар Билер кеңесінің арқасында көршілес екі ауылдың өкілдері арасында болған жанжал тоқтады. Билер кеңесі мүшелерінің даналығы мен мол өмірлік тәжірибесі ауыл тұрғындарының арасында өршіп тұрған даудағы шиеленісті тоқтатып, соңында қол жеткізген бейбітшілікті дауласушы тараптардың бір-бірінен кешірім сұрағанымен бекітті.
Аудан басшылары, ауылдық округтердің әкімдері және медиаторлар Билер кеңесінің халық арасында тәрбие және алдын алу жұмыстарын өткізуге қосып жатқан мол үлесін ерекше атайды.
Солтүстік-Қазақстан облыстық соты Уәлиханов ауданы Билер кеңестерінің тәжірибесін кеңінен тарату жұмысын бастап кетті.