Бильярд. Амангелді Сейітханды еске алу турнирінің жеңімпазы анықталды

10 Қазан 2021, 15:34
4089
Бөлісу:
Бильярд. Амангелді Сейітханды еске алу турнирінің жеңімпазы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада  қаласында белгілі спорт комментаторы, талантты журналист Амангелді Сейітханды еске алуға арналған бильярд турнирі өтті. 

Жарыс нәтижесінде Тараздан келген «Ақ жол» газетінің тілшілер құрамасы Бас жүлдені жеңіп алды. 

Екінші орын алматылықтардың "Алатау" командасының еншісіне тисе, үшінші орынға «Қазақстан» Ұлттық арнасының тастаяқшылары ие болды. 

Турнир барысында Аманкелді Сейітханның рухына құран бағышталып, отбасына құрмет көрсетілді. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл турнир енді жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұрмақ.

Өзгелердің жаңалығы