Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Биг Шанхай" базарындағы өрт: Кәсіпкерлерге көмек көрсету штабы ашылды

18 Шілде 2025, 11:07
959
Бөлісу:
 gov.kz
PHOTO VIDEO
Фото: gov.kz

Астанада 18 шілде күні "Биг Шанхай" базары аумағындағы үш қабатты ғимаратта болған өртке байланысты түсіндіру штабы жұмысын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Штаб Алаш тасжолы, 30а мекенжайындағы "Anuar" супермаркетінің 3-қабатында орналасқан.

Штаб сауда орындары өрт салдарынан зардап шеккен жалға алушыларға, кәсіпкерлерге және базар қызметкерлеріне кеңес береді.

"Биг Шанхай" базарындағы өрт: Кәсіпкерлерге көмек көрсету штабы ашылды

Әркім өзекті ақпараттар, құқықтық, қаржылық және басқа да мәселелер бойынша кеңес алып, әрі қарайғы іс-әрекеттерді айқындауға көмек сұрай алады.

Оқиға орнында ТЖД, полиция департаменті, әкімдік, инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, базар өкілдері кезекшілік етіп, кеңес беруде.

"Биг Шанхай" базарындағы өрт: Кәсіпкерлерге көмек көрсету штабы ашылды

Ақпараттың тек ресми көздеріне сенуді сұраймыз.

Еске салайық, бұған дейін Астанада "Биг Шанхай" базары өртенгенін хабарлаған болатынбыз. 

"Биг Шанхай" базарындағы өрт: Кәсіпкерлерге көмек көрсету штабы ашылды
Өзгелердің жаңалығы