Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бибісараның табыстан табысқа жете беруіне тілектестік білдіремін - Президент

31 Желтоқсан 2021, 14:42
2039
Бөлісу:

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Бибісара Асаубаеваны жеңісімен құттықтады.

Бибісара Асаубаеваны блиц бойынша өткен әлем чемпионатындағы жарқын жеңісімен құттықтаймын. Бұл керемет жетістік барша қазақстандық үшін, әсіресе шахмат әуесқойлары үшін Жаңа жыл қарсаңындағы жағымды жаңалық болды. Бибісараның табыстан табысқа жете беруіне тілектестік білдіремін! - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Тwitter-дегі парақшасында.

Өзгелердің жаңалығы