Бибісара Асаубаева жылдам шахматтан әлем чемпионатында екінші орын алды

<p>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан тарихында тұңғыш рет 17 жастағы Бибісара Асаубаева әйелдер арасында шахматтан әлемнің вице-чемпионы атанды.</p>

 автордан  29 Желтоқсан 2021 2021, 10:53
29 Желтоқсан 2021 2021, 10:53
1474

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан тарихында тұңғыш рет 17 жастағы Бибісара Асаубаева әйелдер арасында шахматтан әлемнің вице-чемпионы атанды.

Ол 11 турдан 8,5 ұпай жинап, 2452 балдық перформансты көрсетті. Бибісара әлем чемпионы атанған ресейлік Александра Костенюкті жеңді.  

Ал қазақстандық Әсел Серікбай 5-орынды иеленді. Жансая Әбдімәлік, Меруерт Камалиденова және Назерке Нұрғали  11, 72 және 80 орындарды иеленді.

Наверх