Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева күтпеген мәлімдеме жасап, федерация басшылардың былығын әшкереледі.
Шахматқа 3 млрд теңге бөлудің қажеті жоқ. Бұл ақша еліміздің басқа қажеттілігіне жұмсалсын.
Әлеуметтік желіге қалдырған жазбасында шахматтың басы-қасындағылар, оның ішінде Федерация Президенті Ғалым Құсайынов пен орынбасары Дәрмен Сәдуақасов өзін пайдаланып, миллиардттаған ақша сұрамақ болғанын алға тартады.
Чемпиондардан "қайыршы" жасауға тырысады. Мен үшін бұл өте ұят жағдай, – дейді Асаубаева.
Айта кетейік, 17 жастағы қазақ өткен жылы ересектер арасында топ жарып, Гиннестің рекордтар кітабына енген болатын.
Бибісара қазір ұлттық құрамасының мүшесі және найзағайлы шахматтан әлем чемпионы.