Қазақстандық шахматшы Бибисара Асаубаева 2026 жылғы Үміткерлер турнирінің қорытындысы бойынша ФИДЕ-нің әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты, деп хабарлайды BAQ.KZ Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Кипрдің Пафос қаласында өткен жарыстан кейін спортшы екі сатыға жоғарылап, енді 7-орынды иеленіп отыр. Оның рейтингі 2527,2 баллды құрады (+11,2).
Әлемдік рейтингтің көшбасында Қытай өкілдері – Хоу Ифань, Лэй Тинцзе және Цзюй Вэньцзюнь тұр.
Үздік ондыққа сондай-ақ Чжу Цзиньэр, Александра Горячкина, Хампи Конеру, Анна Музычук, Тань Чжунъи және Катерина Лагно енген.
Осылайша, Асаубаева беделді турнирден кейінгі нәтижесі арқылы әлемнің ең мықты шахматшылары қатарындағы орнын нығайтты.