Бибісара Асаубаева: Елім үшін мақтаныш сезімі кеудені кернейді

17 Қаңтар 2023, 21:55
2408
Бөлісу:
Бибісара Асаубаева: Елім үшін мақтаныш сезімі кеудені кернейді
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бұл туралы шахматшы Бибісара Асаубаева мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Мен алғашқы әрі жалғызбын (чемпион - ред.) дегенді мойындау шабыттандырады. Осы инсайтты ұстанып, шахматқа түбегейлі кірісіп, жаңа деңгейге көтерілдім. Өзіңіз ойлап қараңызшы: Бүкіл шахмат тарихындағы алғашқы және жалғыз мұсылман! Лайықты іс, - деп жазды шахматшы қыз әлеуметтік желідегі парақшасына. 

Айтуынша, шахматтан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында КСРО, ресейлік, украин, қытай, венгер, болгар елдерінің спортшылары жеңіске жеткен, алайда қазақ қыздары бірде-бір рет жеңбеген. 

Мен екі жыл қатарынан жеңіс тұғырындамын. Деңгей деп осыны айту керек. Өзім және мемлекетім үшін мақтаныш сезімі кеудені кернейді. Шахмат біріктіреді дегенді түсіндім. Спорт нәсілге, дінге бөлінбейді. Ол жалғыз және баршаға ашық. Бұл жерде егес пен соғыс жоқ. Бұл жерде мықтылар ғана жеңеді. Ең бастысы, құмарлық пен күнәға батпау керек. Ақыл мен логиканы дамытып, оны практикада қолданған дұрыс. Шахмат – көңіл көтеру емес. Шахмат – нәтиже, - деді Бибісара Асаубаева.

Сонымен қатар ол соңғы уақытта өзіне қандай сұрақтың жиі қойылып жүргеніне тоқталды.

Соңғы кездері: «Сара, сенің жеңісің – тарихи сәт! Сен шахматта мұндай нәтижеге қол жеткізген алғашқы мұсылман қызысың. Менменсіп кетуден қорықпайсың ба?» дегенді жиі естимін. Оған мен: «Жоқ, қорықпаймын. «Жұлдыз ауруына» қатысым жоқ. Менмендік – күнә. Анам басқаша тәрбиелеген. Анамның: «Сен кеше чемпион болдың, ал бүгін жұмыс істеу керексің» деген сүйікті сөзін есімде ұстаймын» деп жауап беремін. Бүгін чемпион болу – тек өткен күннің ғана емес, болашақтың да үлкен жұмысы. Сондықтан болашақ және қазіргі чемпиондар, жұмыс істейік! Жеңіс өздігінен келмейді, - деді шахматшы. 

Еске сала кетейік, Бибісара Асаубаева блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы. 

Өзгелердің жаңалығы