Бибісара Асаубаева чемпион болғаны үшін қанша алды?

19 Қаңтар 2023, 17:10
1056
Бөлісу:
Бибісара Асаубаева чемпион болғаны үшін қанша алды?

Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Сайыста Бибісара Асаубаева бірінші орынды иеленіп, әлем чемпионы атанды. Ол 40 мың долларды иеленді. Одан басқа, Динара Сәдуақасова екінші орын үшін 30 мың доллар алды. Жансая Әбдумәлік те бесінші орын үшін сыйақы алды, - деп атап өтті федерацияның атқарушы директоры. 

Айтуынша, кеше өткенде съезде федерацияның жаңа президенті Тимур Турлов сайланған. 

Біз спортшыларымызды ең жоғары марапат – «Жеңіс» орденімен марапаттадық. Орденді Бибісара Асаубаева, Жансая Әбдумәлік, Динара Сәдуақасова мен Ринат Жұмабаевқа табысталды, - деді Гүлмира Дәулетова. 

Еске сала кетейік, бұған дейін былтыр желтоқсанда Алматыда өткен шахматтан әлем чемпионатында чемпион атанған Бибісара Асаубаева сайысқа қалай дайындалғаны мен жеңісі туралы әсерімен бөліскен болатын. Спортшы қыз әлем чемпионатында өзінің мықты екендігін дәлелдеу керек болғанын айтты. Чемпионат басталғанда сырқаттанып қалғанына қарамастан Бибісара Асаубаева шешуші турда үнділік шахматшы Харика Дроноваллиді басып озды. 

Өзгелердің жаңалығы