Әлем чемпионатында өзімнің мықты екендігімді дәлелдеу керек болды - Бибісара Асаубаева

19 Қаңтар 2023, 16:10
1131
Бөлісу:
Әлем чемпионатында өзімнің мықты екендігімді дәлелдеу керек болды - Бибісара Асаубаева

Бұл туралы шахматшы Бибісара Асаубаева Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Мен әлем чемпионатына барынша жауапкершілікпен дайындалдым. Жақындарым мен отбасым дайындық үшін барлық жағдайды жасады. Бұл – үлкен жауапкершілік жүктеді, сондықтан атақты бірінші рет жеңіп алғаннан гөрі оны ұстап тұру қиынырақ. Польшада өткен әлем чемпионатында «бір жолға оның жолы болды» деген сөзді естідім. Дегенмен қатарынан екі медальді ұтып алуды жай ғана жолы болды деп айтуға бола ма? Әлем чемпионаты менің Отанымда – Алматыда өтті, - деп бөлісті спортшы қыз. 

Айтуынша, әлем чемпионатында өзінің мықты ойыншы екенін дәлелдеуі керек болған.

Чемпион атануыма бір жағынан блицтен қазіргі әлем чемпионы болғаным әсер еткен болар деп ойлаймын. Маған өзімнің күштірек екенімді дәлелдеу қажет еді. Өкінішке қарай, вирус жұқтырып алып, келген соң бірден ауырып қалдым. Соның салдарынан бірінші күні ойлағаннан төмен нәтиже көрсеттім. Бірақ блицте денсаулығым жақсарып, екінші рет чемпионат атандым, - деді Бибісара Асаубаева. 

 Еске сала кетейік, былтыр желтоқсанның аяғында отандық шахматшы Бибісара Асаубаева блицтен тағы да чемпион атанды. Бибісара шешуші турда үнділік шахматшы Харика Дроноваллиді басып озды. 

Өзгелердің жаңалығы