Бибігүл Жексенбай: Медиа саланы реттеуге кәсіби орта өзі кірісуі қажет

14 Ақпан 2025, 11:00
762
Бөлісу:
Бибігүл Жексенбай: Медиа саланы реттеуге кәсіби орта өзі кірісуі қажет
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

"Бүгінгі күні БАҚ саласында шешімін күткен көптеген түйткілді мәселелер бар , алайда бұл уақытша жағдай. Оны өзгертуге бірінші кезекте журналистердің өздері ұмтылуы тиіс". Медиаменеджер, ҚР Парламенті сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай "Мінбер" жобасына берген сұхбатында осындай пікір айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі БАҚ саласының қал-жағдайы, медиадағы трендтер мен журналистердің жай-күйі жайлы өз пікірін еркін әрі ашық түрде жеткізген сенатор төртінші билік өкілдеріне сілкініс керек деп санайды. Сұхбат барысында қазақ журналистикасының бұрынғы мектебі, бүгінгі жай-күйі мен болашағы жайлы бірталай пікір айтылды. Сондай-ақ өңірлердегі БАҚ-тың ахуалы мен елдегі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жайлы да біраз әңгіме айтылды.

Өзгелердің жаңалығы