Қазақстан құрамасының биатлоншысы Владислав Киреев Австрияда өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде ерлер ұлттық командасы үшін тарихи нәтиже көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы ҰОК мәлімдеді.
Хохфильцен қаласында өткен Әлем кубогының ізкесу жарысында қазақстандық спортшы бірде-бір рет мүлт кетпей, мәреге 20-орынмен жетті.
Бұл - Қазақстан ерлер құрамасының Әлем кубогы кезеңдеріндегі осы жарыс түріндегі ең үздік көрсеткіші.
Айта кетейік, аталған жарысқа Әсет Дүйсенов те қатысып, 37-орынға тұрақтады.