Биатлон: Арина Крюкова Азия ойындарын 4-сатыда аяқтады

Бүгiн, 08:30
161
Бөлісу:
Биатлон: Арина Крюкова Азия ойындарын 4-сатыда аяқтады
Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

IX қысқы Азия ойындарында биатлоннан әйелдер арасында 7,5 шақырым спринт өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мұнда Ұлттық құрама спортшысы Арина Крюкова (23:06.5 секунд) жүлдеге қол созым жерге тұрақтап, 4-сатыдан көрінді.

Ал Ольга Полторанина 23 минут, 17.8 секундта жүріп өтіп, бестікке кірді. Дарья Климина 23 минут, 30.7 секундта жетіп, 7-орынды місе тұтты. Тағы бір отандасымыз Полина Егорова 13-сатыға табан тіреді.

Бұл сында Екатерина Аввакумова (Оңтүстік Корея) топ жарды. Күміс пен қола Қытай спортшысында.

Еске сала кетейік, бұл тәжірибелі Ольга Полторанинаның 4-ші қысқы ақ Азиадасы. Ол осыған дейін эстафетада қола (Аомори, 2003 ж), күміс (Чанчунь, 2007 ж) және алтын медаль (Алматы, 2011 ж) жеңіп алған.

Енді Харбинде әйелдер арасында биатлоннан командалық эстафета ғана қалды.

Ұйымдастырушылар таратқан ақпарат бойынша белгілі себепке байланысты биатлон жарысы тікелей эфирде көрсетілмейді.

Өзгелердің жаңалығы