Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бейжіңде Тыйым салынған қаланың тіршілігі қандай?

Олжас АДАЙ
1 Қараша 2025, 14:00
377
Бөлісу:
 BAQ.KZ/Олжас Адай
PHOTO
Фото: BAQ.KZ/Олжас Адай

Бейжіңнің дәл жүрегінде орналасқан Тыйым салынған қала – Қытайдың ең көне әрі ең ірі императорлық сарай кешені. Мұнда бес ғасыр бойы 24 император билік жүргізген. Бүгінде бұл нысан әлемдегі ең көп турист тартатын тарихи мұражайлардың бірі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Бейжіңнен.

 

Бұл – Тыйым салынған қала, қытайлар “Гугун” деп атайтын, императорлар билік құрған көне орда. Оның құрылысы 1406 жылы Мин әулетінің Юнлэ императорының бұйрығымен басталып, 1420 жылы аяқталған. Осыдан кейін бес ғасыр бойы Мин мен Цин әулеттерінің 24 императоры осы жерде өмір сүріп, ел басқарды. Қытайдың саяси, мәдени және рухани шешімдерінің барлығы дерлік осы қабырғаның ішінде қабылданған.

Бейжіңде Тыйым салынған қаланың тіршілігі қандай?

Бір кездері бұл жерге қарапайым халықтың аяқ басуына қатаң тыйым салынған. Кіруге тек император, оның отбасы және таңдаулы шенеуніктерге ғана рұқсат берілді. Сондықтан халық арасында бұл орда «Тыйым салынған қала» деп аталып кеткен.

Бейжіңде Тыйым салынған қаланың тіршілігі қандай?

Қаланың аумағы 720 мың шаршы метр, ішінде 980 ғимарат бар. Аңызға сенсек, сарайда 9 999 бөлме болған дейді – аспан патшалығынан бір бөлмеге кем болу керек деген наным бар. Шын мәнінде, ғалымдар 8 886 бөлмені тіркеген.

Бейжіңде Тыйым салынған қаланың тіршілігі қандай?

Сарайдың сәулеті ежелгі қытай дүниетанымына сай жасалған: кешен солтүстіктен оңтүстікке бағытталған, бұл – үйлесім мен тәртіптің белгісі. Барлық шатыр сары түсті – сары түс императорға ғана рұқсат етілген, күн мен биліктің нышаны саналған.

Бейжіңде Тыйым салынған қаланың тіршілігі қандай?

Қала екі бөлікке бөлінген: сыртқы аулада ресми істер жүргізілген, ал ішкі аулада император мен отбасы өмір сүрген. Ең басты зал – Жоғарғы үйлесім залы (Taihe Dian). 

Бейжіңде Тыйым салынған қаланың тіршілігі қандай?

Дәл осы жерде император таққа отырып, елшілерді қабылдаған. Келесі екі зал – Орталық үйлесім және Жиналған үйлесім залдары – мемлекеттік шешімдер мен салтанатты рәсімдер өтетін орын болған.

Бейжіңде Тыйым салынған қаланың тіршілігі қандай?

Мәрмәр баспалдақтардағы айдаһар өрнектері, шатыр бұрыштарындағы мифтік феникстер мен арыстандар – бәрі де билік пен қорғаудың символы. Сарай ауласында мыс қазандар қойылған, олар – көне дәуірдегі өрттен қорғау жүйесінің бір бөлігі.

Бейжіңде Тыйым салынған қаланың тіршілігі қандай?

Ал ішкі аулаға өткен сайын тыныштық орнайды. Император мен императрицаның бөлмелері, ханшайымдарға арналған залдар мен шағын бақтар – бәрі де ерекше ұқыптылықпен салынған. Қала соңында орналасқан Император бақшасында табиғи үйлесім мен тепе-теңдіктің философиясы сезіледі.

Бейжіңде Тыйым салынған қаланың тіршілігі қандай?

Тыйым салынған қала бүгінде “Palace Museum” – яғни Сарай мұражайы аталады. Онда 1,8 миллионнан астам тарихи жәдігер сақталған: көне керамика, жазба, зергерлік бұйымдар мен император киімдері. 1987 жылы бұл нысан ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енді.

Бейжіңде Тыйым салынған қаланың тіршілігі қандай?

Қазір мұражай жыл сайын 17 миллионнан астам турист қабылдайды. Кіру билетінің бағасы маусымға қарай өзгереді: көктем мен жазда – 60 юань, күз және қыста – 40 юань шамасында. 

Бейжіңде Тыйым салынған қаланың тіршілігі қандай?

Билетті тек онлайн сатып алуға болады, ал шетел азаматтары өзімен бірге паспорт алып жүруі тиіс. Мұражай таңертең 08:30-да ашылады, сондықтан ертерек келген жөн – келушілер саны шектеулі.

Бейжіңде Тыйым салынған қаланың тіршілігі қандай?

Мен барған күні таңғы салқын леппен ұзын кезекке тұрдым. Күн сәулесі алтын шатырларды жалт-жұлт еткізеді. Қақпа ашылған сәтте көпшілікпен бірге ішке ендім – дәл сол сәт тарихтың тынысы бетіме тиді. 

Бейжіңде Тыйым салынған қаланың тіршілігі қандай?

Тас жолдар, мәрмәр баспалдақтар, көне ағаштар арасынан жүріп өткен сайын бес ғасырлық үн саған естіліп тұрғандай.

Бейжіңде Тыйым салынған қаланың тіршілігі қандай?

Қазір сарай кешені мұқият қалпына келтіріліп жатыр. Кей залдарда заманауи жарық орнатылғанымен, ежелгі рух сол күйінде сақталған. 

Бейжіңде Тыйым салынған қаланың тіршілігі қандай?

Бір бұрышында император өмір сүрген бөлмелердің ізі қалған, ал екінші жағында жаңа дәуірдің көрме залдары ашылған. Өткен мен бүгін осында үйлесіп кеткендей әсер қалдырады.

Бейжіңде Тыйым салынған қаланың тіршілігі қандай?

Тыйым салынған қала – Қытай тарихының ғана емес, адамзат өркениетінің де айнасы. Бес ғасыр бойы билік пен тыйымның, сән мен тәртіптің орталығы болған бұл мекен бүгінде әлемге ашық. 

Бейжіңде Тыйым салынған қаланың тіршілігі қандай?

Қызыл қабырға мен алтын шатырдың астында жүрген әр адам өткеннің үнін, бүгіннің тынысын қатар сезеді. Бұл қала – тарихтың тынысы.

Бейжіңде Тыйым салынған қаланың тіршілігі қандай?
Бейжіңде Тыйым салынған қаланың тіршілігі қандай?
Бейжіңде Тыйым салынған қаланың тіршілігі қандай?
Бейжіңде Тыйым салынған қаланың тіршілігі қандай?
Өзгелердің жаңалығы