Бейжіңде инвестициялық жобалар талқыланды

21 Желтоқсан 2023, 03:27
413
Бөлісу:
Бейжіңде инвестициялық жобалар талқыланды
Фото: gov.kz

Бейжіңде инвестициялық жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Назира Нұрбаеваның Қытайға жұмыс сапары аясында Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын ілгерілету бойынша бірнеше іс-шаралар өткізілді, оның шеңберінде қазақстандық делегация ҚХР-дың бірқатар ірі компанияларының басшылығымен инвестициялық және сауда-экономикалық өзара іс-қимылды дамыту мәселелерін талқылады.

Іс-шараға Қытайдың «China Forestry Carbon Ecological Technology» ірі орман шаруашылығы компаниясының Бас директоры Ли Вэй, «YTO Group Express» компаниясының Вице-президенті Чжан Лун, «ACE Group» компаниясының Директорлар кеңесінің төрағасы Сунь Ванпин, «VODAR» компаниясының Бас директоры Чжоу Чуаньго, «Xian Aiju Grain and Oil Industrial Group» Басқарма төрағасы Цзя Хэи, «Tus-Holding» Директорлар кеңесінің төрағасы Ван Цзиу, «Sun Seven Stars Investment Group» Басқарма төрағасы У Чжэн және басқалар қатысты.

Министрдің орынбасары іс-шараға қатысушыларды елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық ахуалды жетілдіруге бағытталған экономикалық реформалармен және Қазақстан экономикасының басым салаларында инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде шетелдік инвесторларды қолдау жөніндегі жаңа шаралармен таныстырды.

Бүгін Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы жоғары деңгейдегі байланыстардың жоғары динамикасымен және сауда-экономикалық өзара іс-қимыл, инвестициялар тарту, көлік пен логистиканы дамыту салаларының кең ауқымымен сипатталады. Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында инвестициялық ахуалды жақсарту қажеттігіне ерекше назар аударды. Атап айтқанда, инвестициялық жобаларды жедел іске асыруды қамтамасыз ету және инвестициялар тарту жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында ағымдағы жылғы 4 желтоқсанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жарлыққа қол қойды, ол инвестицияларды тарту жөніндегі кеңеске (Инвест Штаб) орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің орындауы үшін міндетті шешімдер қабылдау бойынша ерекше өкілеттіктер береді. Бұл жарлық Мемлекет басшысының экономикалық саясатының қисынды әрі дәйекті жалғасы болады, – деп атап өтті Н.Нұрбаева.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Қытайдың ірі компанияларымен өткізілген кездесулер қорытындысы бойынша екі елдің инвестициялық және сауда-экономикалық әріптестігін нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Өз кезегінде, Қытайдың бизнес-қоғамдастығының өкілдері Қазақстанда инвестициялар тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң баға беріп, қазақстандық әріптестермен байланыстарды нығайтуға дайын екенін білдірді.

Өзгелердің жаңалығы