Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалы биыл 100 бала қабылдайды

4 Шілде 2024, 15:09
203
Бөлісу:
Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалы биыл 100 бала қабылдайды
VIDEO
Фото: Арман Мухатов

Бүгін елордада IT университетінде «Жоғары білім беру және өндірісті интеграциялау саласындағы ынтымақтастық» халықаралық симпозиумы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Форум жұмысына келген ҚХР Білім министрі Хуай Цзиньпэнді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек күтіп алды. Қонақтарға арнайы қазақтың ұлттық тағамы бауырсақ пен құрт ұсынылды. Одан кейін екі елдің министрі фойеге қойылған ШЫҰ мүше елдердің 20 ЖОО-ның көрмесін тамашалады.

Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалы биыл 100 бала қабылдайды

Жиынға Жібек жолы университеттері альянсының хатшылығы, ҚР Президентінің кеңесшісі Болат Ақшолақов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев, Сиань Цзяотун университетінің ректоры Чжан Лицюнь, Астана IT университетінің ректорының міндетін атқарушы Серік Өмірбаев және ШЫҰ-на мүше елдердің жоғары оқу орны басшылары қатысты.

Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалы биыл 100 бала қабылдайды

Астана қаласы 2 күннен бері түрлі сала бойынша сындырлы сұхбат орталығына айналды. ШЫҰ-на қатысушы мемлекеттер басшылары мен сарапшылары бір шаңырақтың астына жиналды. Шын мәнінде бәріміздің мақсатымыз бір. Бұл бейбітшілікті, тұрақтылықты нығайту. Мен бүгінгі симпозиумға келген ҚХР Білім министрі Хуай Цзиньпэн мырзаға алғыс айтамын. Шараның маңызы зор. ШЫҰ-ға мүше елдердің ЖОО-лары бір-бірімен тығыз қарым-қатынас орнатып, жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты нығайту күн тәртібінде тұр. Тәжірибе жинау мақсатында ұйым университеттері өзара ғалымдарды алмастырып,жандандыру қажет, - деді ҚРПрезидентінің кеңесшісі Болат Ақшолақов.

Сондай-ақ, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек екі ел арасындағы маңызды келісім-шарттарға қол қойылғанын атап өтті.

Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалы биыл 100 бала қабылдайды

Біз ШЫҰ-ға мүше елдердің ғылым министрлерімен арнайы бас қосуда бірлескен ғылыми зерттеу гранттары бағдарламасын бастаймыз. Осы жылдың соңында ресми жариялаймыз. Қосалқы бірлескен қаржы қаралып жатыр. ШЫҰ ғалымдары, ғылыми зерттеу институттары, ЖОО бірлескен жобаларды жасауға мүмкіндік береміз. Екіншіден, Қытай басшысының ресми сапары аясында 6 өте маңызды келісім-шартқа қол қойдық. Бірінші, елордада атақты Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылады. Алғашқы 100 баламызды биыл қыркүйек айында қабылдап бастаймыз. Кеше ғана ресми аштық. Енді Астанада қытай тілі мамандары, ұстаздар, аудармашылар дайындалатын болады. Ең мықты бағдарламалармен. Ресми қытай тілі сертификаттарын арнайы емтихан орталығы ресми тұңғыш Астана ашылады. Енді қытай тілін үйрену және сертификат аламын деушілер осында келетін болады. Екінші Сәтбаев университеті негізінде Алматыда атақты «City University of Hong Kong» Гонконгтық атақты жетекші университеттердің филиалы ашылады. Биыл үш бағдарламамен бастаймыз. Оның үстіне бірлескен жобалармен айналысамыз. Медицина, архитектура, жасанды интлект, компьютерлік инженерия саласындағы ең мықты университеттердің бірі. Үшінші, Астанада «Лу Бань шеберханасы» ашылады, - деді министр.

Аталған шеберхана елімізде екіншісін ашқалы жатыр. Негізінен Қытай елі бір елде бір ғана шеберхана ашады.

Бұл өте қызық формат. Қытай мемлекетінде өте мықты дамып келе жатыр. Бір нақты тақырып бойынша қолданбалы инженерлерді дайындайтын орталық. Бұл тұңғыш елімізде былтыр Өскеменде ашылды. Биыл екіншісі ашылады. Айтып кететін жайт, Қытай мемлекеті біз үшін арнайы шешім қабылдады. Олар бір елде бір шеберхана ашуға рұқсат береді. Қазақстан үшін арнайы екінші шеберхана ашылады. Қытай мемлекет қытай тілін үйрету, қытай саласындағы зерттеулер, аймақтану, қытайтану, тілтану бағдарламалары бойынша бізге гранттар береді. Жыл сайын 50 грант бөлінеді. Енді біздің студенттерімізге қытай тілі екінші шет тілі ретінде ұсынылады. Бұл не үшін маңызды? Қытай біздің ең үлкен көршіміз. Қытайды біз түсінуіміз, білуіміз керек. Қытайды түсіну тілден басталады. Олардың тілі өте күрделі, - деді Саясат Нұрбек.

Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалы биыл 100 бала қабылдайды

Симпозиум аясында «ШЫҰ-ға қатысушы елдердің жоғары білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастығы» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Кітапта ШЫҰ-ға қатысушы елдердің білім-ғылым, халықаралық ынтымақтастық саласындағы ортақ табыстары мен бірлесе атқарған жұмыстары орыс, ағылшын, қытай тілінде баяндалған.

Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы