Бейжің Олимпиадасына қатысқан спортшыларымыз сыйақы ала ма?

20 Ақпан 2022, 19:00
1299
Бөлісу:
Бейжің Олимпиадасына қатысқан спортшыларымыз сыйақы ала ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейжің Олимпиадасында жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларымыз қанша сыйақы алатыны белгілі болды, деп жазды Хабар24. 

Спортшыларымыз Олимпиадада бірде-бір жүлде жеңе алмады. Дегенмен жүлделі орынға жақын нәтиже көрсеткен спортшыларымызға сыйақы беріледі. 

Мысалы, шорт-трекші Абзал Әжіғалиевке 500 метр қашықта төртінші орын алғаны үшін 30 000 доллар сыйақы беріледі.

Сондай-ақ, Абзал мен аралас эстафетаға қатысқан Яна Хан, Ольга Тихонова және Денис Никиша бесінші орын үшін 10 000 доллардан алады. 
 

Өзгелердің жаңалығы