Бейжің-2022: Қазақстандық конькишілер жүлдеге іліге алмады

18 Ақпан 2022, 18:27
2151
Бөлісу:
Бейжің-2022: Қазақстандық конькишілер жүлдеге іліге алмады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейжің қаласында өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіруден сынға түскен қос атлетіміз жүлдеге іліге алмады, деп хабарлайды olimpic.kz.

Бүгін Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіруден 1000 метр қашықтықта жарыстар өтіп жатыр.

Бұл сынға Дмитрий Морозов пен Денис Кузин қатысқан болатын. Өкінішке қарай екеуі де үздіктер қатарынан көріне алмады.

Дмитрий Морозов аталған қашықтықты 1:09,61 уақыт көрсеткішімен бағындырса, Денис Кузин 1:10,07 уақытта жүгіріп өтті. Бұл нәтижелер екеуіне де медаль алу үшін жеткіліксіз болды.

Айта кетейік, аталған Ақ Олимпиадада ойындарында еліміздің намысын 8 спорт түрінен 34 спортшы қорғап жатыр. Олар - қысқы спорт ойындарының ішінде спорттың шаңғы жарысы, фристайл-могул, шаңғы акробатикасы, тау шаңғысы, шаңғымен секіру, биатлон және шорт-трек түрлерінен сынға түсуде.

Бейжің Олимпиадасы 20 ақпанда аяқталады.

Өзгелердің жаңалығы