Бейжің-2022: Ирина Быкова шаңғыдан командалық эстафетаны қорытындылады

13 Ақпан 2022, 14:51
1451
Бөлісу:
Бейжің-2022: Ирина Быкова шаңғыдан командалық эстафетаны қорытындылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шаңғымен жүгіруден Қазақстан әйелдер командасының мүшесі Ирина Быкова Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, эстафета нәтижесіне байланысты пікірімен бөлісті. Спортшының айтуынша, ол эстафета кезінде Валерия Тюленеваны ауыстырған. 

«Негізі, мен эстафетаға қатысатын тізімде жоқ едім. Бірақ Валерия Тюленева ауырып қалғасын, орнына мен шықтым. Жарыс көңілімнен шықты, барлық қыздар да жарап тұр. Әрине, нәтиже көңіл қуантпайды. Десе де, біз өз шама-шарқымыз жеткенше жүгірдік.

Бұл менің алғашқы Олимпиадам. Төртжылдық додасына қатысу мен үшін арман болатын. Өкінішке қарай, Бейжің ойындарына баратынымды қаңтардың ортасында ғана білдім. Бірден жолдама алғаным жоқ. Сондықтан, жоспарлы түрде дайындалу мүмкін болмады. Олимпиада қарсаңындағы бар жаттығуым туған қалам Павлодарда өтті. Осындағы жағдай мен мен тұратын қаладағы жағдайды салыстыру мүмкін емес.

Бәрі ойдағыдай емес, алайда, үлкен тәжірибе алғаным анық. Басты додаға қатысқаным үшін қуаныштымын», - деді Ирина.

Еске сала кетейік, қазақстандық шаңғышы қыздар командалық эстафетада 15-ші орын иеленді. 

Өзгелердің жаңалығы