Бейжің-2022. Еліміздің шаңғышылары спринт бойынша іріктеуден өте алмады

8 Ақпан 2022, 16:04
1217
Бөлісу:
Бейжің-2022. Еліміздің шаңғышылары спринт бойынша іріктеуден өте алмады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық шаңғышылар Виталий Пухкало мен Евгений Величко Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарының ширек финалына өте алмады. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің сайты хабарлады. 

Величко 62-ші орынға табан тіреді. Ал Пухкало 66-шы нәтижені көрсетті. 

Еске сала кетейік, іріктеу раундының қорытындысы бойынша ¼ финалға 30 мықты шаңғышы өткен болатын.

Өзгелердің жаңалығы